Қазақстан қорр биржасында акциялары саудаға қатыстатын ірі компаниялар акционерлеріне 2016 жылы қанша дивиденд төлейтінін жариялады, деп хабарлайды LS. 

Сонымен акционерлеріне ең көп дивиденд төлейтін компания - "ҚазТрансОйл".  Бұл компания 2016 жылғы дивиденд үшін шамамен 59,6 млрд теңге  жұмсайды. Яғни компанияның әрбір акциясына төленген дивиденд 155 теңгені құрайды. Ал акционерлер қағаздарды 120,71 теңгеге сатып алған.

Ал "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" компаниясының акционерлері әрбір акция үшін 289 теңге алады. Төлемнің жалпы көлемі - 20 млрд теңге. Дегенмен өткен жылы акция иелері дивиденд алмаған.

"Қазақтелеком" болса өзінің өткен жылғы табысының 30%-ын немесе 4,33 млрд теңгені акционерлеріне береді. Дивиденд көлемі - 404,57 теңге. 2015 жылы төлем 331,73 теңгені құраған.

Kcell акциясына иелік ететіндер 2016 жылы әрбір қағаз үшін 58,39 теңге алуы мүмкін. Ал жалпы дивиденд үшін 11,67 млрд теңге жұмсалады. 2015 жылы ұялы оператор сыйақы үшін 23,31 млрд теңге немесе әр акция үшін 116,58 теңге жұмсаған.

Халық банк болса Қазкоммен болып жатқан келіссөздерге байланысты дивиденд төлемейтінін мәлімдеген.

“The Qazaq Times”