Өзбекстанның зияткерлік меншік агенттігі елге әкелуге, таратуға тыйым салатын компьютерлік ойындардың тізімін жариялады. Бұл туралы centralasian.org жазды.
Тізімді арнайы сараптамалық комиссия бекіткен.
Онда барлығы 34 ойын кірген: Postal 2, Phantasmagoria, Grand Theft Auto, San Andreas, Carmageddon, Mass effect, Dead space, Naughty bear, Mafia II, Call of duty: Black ops, Kane and Leanch 2: Dog days, Castlevania: Lords of Shadow, Dead Rising, Manhunt, Mortal Kombat X, Dead by Daylight, Bone Town, Shadow Warrior және т.б.
Өзбекстанда лицензия беру туралы келісімнің үшінші тармағына сәйкес, «зорлық-зомбылықты, порнографияны, елдің қоғамдық-саяси қауіпсіздігіне нұқсан келетін, Өзбекстан жайлы дәйексіз ақпарат тарататын, елдің мәдени және рухани құндылықтарына кедергі келтіретін компьютерлік бағдарламаларға тыйым салынады.