Эстония «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы әскери коалицияға кіру үшін келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарлайды Интерфакс Украина ақпарат агенттігі.
«Эстония осыған дейін АҚШ және өзге де әскери одақтастарымен «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы әскери коалиция құруға байланысты келіссөздер жүргізген. Қазіргі таңда Эстонияның он әскери қызметкері Иракта жергілікті сарбаздарды дайындауға көмектесіп жүр. Алдағы уақытта Иракқа әскери дәрігерлер мен саперларды дайындауға бес қызметкерімізді жіберуді жоспарлап отырмыз.» деді Эстония қорғаныс министрі Маргус Цахкна жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында.
Бұдан бұрын Брюссельде өткен НАТО самитінде НАТО басшылары АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескеннен кейін, НАТО-ның «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы әскери коалицияға кіретіні жайында мәлімдеген болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы