Соңғы үш жылда Украинада 90-ға жуық банк жабылған деуге болады. Елдің Ұлттық банкінің мәліметінше, қазіргі кезде республикада қалған 90 банк  жұмыс істеп жатыр.

"2017 жылдың басында 96 банк болған, 2016 жылдың қаңтарында 163 банк, ал үш жыл бұрын 180 банк жұмыс істеген", - деген мәлімет келтіреді Ұлттық банк. 

Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан, лицензиясы бар 90 банктің 38-інде шетелдің капиталы бар, оның 5-уі ресейлік капиталға тәуелді , 17 банк 100%-ға шетелдіктердікі.

"Украинский выбор - право народа" қоғамдық қорына сілтеме жасаған ТАСС ақпарат агенттігі Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Валерия Гонтареваның банк жүйесін "тазалау" саясаты рекордтық шығынға әкелгенін  мәлімдеп отыр. "Қолдан жасалған банкті құлдырату жұмыстары елдің банк жүйесін әлсіретті", - дейді қор өкілдері.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бері Украинадағы төлем қабілеті төмен банктердің шығыны 22,2%-ға немесе 195,658 млрд гривенге (шамамен $7 млрд) дейін көбейіп кеткен. Бұған қоса елдегі банк жүйесінің дағдарысқа ұшырауы мен
Гонтареваның ұстанған саясатына байланысты проблемалы кредиттердің саны 55,11%-ға дейін ұлғайған.

“The Qazaq Times”