Биыл Қазақстан бойынша 136 мың түлек мектеп бітірді. Соның ішінде 6 мың 300-ге жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер.
Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектердің 90800-i (66,7 %) қазақ мектебін, 39900-i (28,8 %) орыс мектебін тәмамдаған. Олардың 80 %-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуді қазақ тілінде, 20 %-ы қазақ тілінде тапсырады.
Жалпы Қазақстанда 95 340 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге тілек білдірген. Жаңа үлгідегі сынақ 20 маусымда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады.
Ал түлектерге аттестаттарды тапсыру рәсімі мектеп әкімшілігінің шешімімен 10-12 маусым аралығында өтуі керек. Себебі министрлік оқуды аяқтау шараларын 15 маусымға дейін мектеп қабырғасында өткізуді ұсынған болатын.
Айта кетейік, биылдан бастап 11 -сыныпты бітіргендер ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырады. Яғни Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінеді.
Ендеше жаңа формата лағаш рет ҰБТ тапсыратын барлық түлектерге сәттілік тілейміз.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды