АҚШ-тың Уашингтон штатының сенаты 1932-1933 жылдары Украинада болған ашаршылықты украин халқына жасалған геноцид екенін мойындайтын құжатты қабылдады деп хабарлайды «Голос Америки» ақпарат агенттігі.
Құжатта «Украинада болған ашаршылық, Иосиф Сталин мен Кеңес үкіметінің украин халқына жасаған геноциді. » делінген.
Бұл бастаманы Уашингтон штаның сенатында АҚШ-тің Республикалық партиясының мүшесі, сенатор Марк Милосиа көтерген.
Бірақ қабылданған құжатқа Уашингтон штатында тұратын орыс диаспорасы қарсылық танытқан.
Естеріңізге салайық бұдан біраз уақыт бұрын Португалия парламенті Украинадағы ашаршылықты геноцид деп мойындаған болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді