Испанияда Барселона футбол клубының бұрынғы президенті Сандро Россель ұсталды деп жазады El Pais газеті.
El Pais газетінің мәліметінше Испания полициясы мен ұлттық гвардиясы Сандро Россельді аса ірі көлемдегі қаржы жасырды деген күдікпен ұстаған.
Қазіргі таңда Испания полициясы мен гвардиясы бірлесіп Каталония мен Андорра автономиясында заңсыз қаражат жасырған топтарға қарсы операция жүргізіп жатыр.
Бұдан бөлек бұл қылмыстық іске Бразилияның футбол конфедерациясының бұрынғы басшысы Рикардо Тишейраныңда қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған.
Сандро Россель 2010-2014 жылдары аралығында Барселона футбол клубының президенті болып қызмет атқарған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді