Қазақстан мен Ресей бірлесіп орта санаттағы зымыран жасамақ деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі Ресейдің вице-премьері Дмитрий Рогозинге сілтеме жасап.
Рогозиннің айтуынша, Ресей мен Қазақстан бірлесіп ғарыш саласын әрі қарай дамытуға, Байқоңыр ғарыш станциясын Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп игеруіне байланысты келіссөздер өткізілген.
Бұдан бөлек алдағы уақытта Ресей, Қазақстан қаржыландыратын «Бәйтерек» жабасының аясында Американың орта класстағы зымырандарына бәсекелес бола алатын орта санаттағы зымыран жасап шығармақ.