Мәскеуде Ресей-Палестина істері арнаулы группасының отырысы болып өтті. Отырыс «Палестина тәуелсіз елін құрудың жолдары мен кедергілері» және «Палестинадағы топтардың бірлігін қалыптастыру» қатарлы тақырыптарды көтерді. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлайды.
Кезекті талқы отырысына Ресей СІМ орынбасар басшысы және президенттің Таяу-Шығыс істері бойынша арнаулы өкілі Михаил Богданов және аталған министрліктің аймақтағы ең жоғары өкілі Сергей Вершинин қатысты. Ал олармен Палестина автономиясының саяси істер кеңесшісі Набил Шаас пікір алмасты. Аталған лауазымдылар Палестинада тәуелсіз мемлекет құру және ондағы түрлі топтардың бірлігін қалыптастыру істер туралы талқы өткізді. Михаил Богданов талқы үстінде «ХАМАС» ұйымының басшысымен телефон арқылы тілдесті.

Палестинаның біртіндеп жаулануы. Фото: Ippo.ru
Отырыста белгілі болғандай, Ресей жақ Палестина халқының азаттығын қолдап, 1967 жылғы шекара негізінде тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қолдайтындықтарын білдірді. Айта кету керек Мәскеудің Палестина жеріндегі елшілігі 1989 жылдан бері жұмыс істеп келеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел