БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кеше Солтүстік Корея мәселесі бойынша төтенше жағдайдағы жабық есікті мәжілісін өткізді. Кеңесте Солтүстік Кореяның соңғы кездегі баллистикалық зымыран ату ісіне қарата жаңа санкция салу ісін талқылады. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлаған болатын.
Дипломаттардың айтуына қарағанда, АҚШ пен Қытай келіссөз жүргізу ісін реттеу үстінде. Аталған бағдарлама Солтүстік Кореяға қаратылған жаңа санкцияларды қамтығалы отыр. Әсіресе қорғаныс саласындағы санкциялар қатаңдай түспек. Қытай Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы маңызды одақтасы болып саналады. Осыған дейін Қытай әр қайсы тараптардан экономикалық және қорғаныс саласына жаңа санкциялар салудан көрі тікелей келіссөз жүргізуге насихаттап келген болатын.
АҚШ-тағы БҰҰ өкілі Никки Хайли Халықаралық қауымдастық та Солтүстік Кореяға қысым түсіргісі келмейтінін, бірақ Солтүстік Корея ел іші сыртында баллистикалық зымырандар сынағынан бас тартпаса өңірлік қауіпсіздікке жалғасты қатер ұлғаятынын айтты. Қазір АҚШ тарабы келіссөз жүргізуге толықтай дайын. Хайлидің ойынша, қазірге дейін АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қолдау көрсетуші елді таба алмай отыр. Осыған дейін Қытайдан көріп келіп еді, олай болмай шықты. АҚШ-тың басты мақсаты Сондықтан алдағы жаңа санкцияларды да осы қолдаушы елдерге де бағыттауға тырысады деп отыр.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?