Жапон ақпарат құралдары бүгін, осыдан бұрын жоғалып кеткен барлау ұшағының бөлшектері табылғанын хабарлады. Сол жердің жергілікті уақыты 16 мамыр 10:40 шамасында Жапония өзін-өзі қорғау тараулары мен өзгеде шарлаушы қосындар елдің Хоккайдо аралындағы Хокуто тауынан ұшақтың паршаланған бөлшектерін тауып алды. Бұл туралы "Шинлаң" ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
15 мамыр күні, Жапония өз-өзін қорғау армиясына тиесілі төрт адам отырған барлау ұшағы Хоккайдодағы Хакодате қаласының маңында жоғалып кеткен. Жапон қорғаныс тараулары 1700 адаммен бірге шарлаушы ұшақтарды жұмылдырып іздеу салған болатын.
Жоғалған ұшақ Жапония өзін қорғау армиясының Солтүстік әскери бөлімшесіне тәуелді LR-2 барлаушы ұшағы болып табылады. 15 мамыр күні түстен бұрын Хоккайдо губернаторының шақыруымен жаралыларды жедел жеткізуге барлау ұшақтары жіберілген. Кейбір ресми деректер бойынша ұшу кезінде қолайсыз ауа райынан ұшақ апатқа ұшыраған болуы мүмкін делінеді.
Алайда, Жапония қорғаныс тарауларын ұшақтың тосын күйде жоғалуы алаңдатуда. Хакодате қаласының маңынан өткен ұшақ айналасы он минут өткеннен кейін хабар-байланыс үзіліп, жоғалып кетеді. Жапония қорғаныс тараулары істің анық-қанығын әлі де тексеру үстінде. Олар табылған ұшақ қалдықтарына жіңішкелікпен талдау жасайтындарын мәлімдеді.