Ресей президенті Путин дүйсенбі күні АҚШ барлау агенттерін әлемдік кибер шабуылшылар деп айыптады. Олардың әлем елдеріне кибер шабуылдар жасағанын, бұдан әсіресе ресейлік компьютер желілері қатты зардап шеккенін айтты. АҚШ барлау агенттерінің кибер шабуылында саяси астар бар деп сынға алды.
Танымал басылым “The Wall Street Journal”-дың хабарлауына қарағанда, Путин Қытай астанасында журналистерге берген жауабында, бұл реткі әлемнің бірнеше елінде болған кибер шабуыл Ресеймен еш қатысы жоқ, келу қайнары Америка Құрама Штаты деп кесетті. Сондай-ақ, бұл вирустардың Ресейдің желілік инфрақұрылымдарына ауыр зардабын тигізгенін айтып өтті.
Ал сарапшылардың көзқарасына назар аударсақ, олар бұл реткі кибер шабуыл Ресей компьютерлік инфрақұрылымдарының кемшіліктерін айқындап берген. Арнайы қауіпсіздік сарапшылары аталған кибер шабуылда пайдаланылған бағдарлама АҚШ-тың Мемлекеттік қауіпсіздік департаментінен ұрланған бағдарлама болып табылады. Ол Microsoft компаниясының шабуылға қарсы пайдаланатын Windows Қауіпсіздік жүйесінің осалдығынан келіп шыққан деп отыр.
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі бұл туралы түсінік беруден бас тартты.