АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жұмада ескерту жасап, осының алдында жұмыстан қуылған FBI-дің басшысы Комидің БАҚ-қа сұхбат беріп, ақпаратты ашып көрсетуіне болмайтынын айтты. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
АҚШ президенті өзінің Twitter парақшасында, Коми қызметтен қуылғаннан кейін, кезінде өзара шынайы үміт артып, селбескен екі тұлға арасындағы хат-хабарламаларды БАҚ-қа жариялай бастағанын жазды.
Ақүй баспасөз хатшысы Шон Спайсер жұма күнгі өткен ақпар жариялау мәжілісінде, Трамп пен Коми әлде қашан кездесіп пікірлескенін айтты. Ал, президенттің Twitter парақшасында жазылғандары Комиді үркітіп-қорқыту үшін емес, осыдан бұрын таралған ақпараттар үшін айтылған деп түсіндірді.
Трамптың айтуынша, Комиге үш рет аталған іс туралы тексеру жүргізуді тапсырған. Бірақ, Коми тексеру жүргізуді кешіктірген. Алайда, Комидің ақпарат өкілі Трамптың айтқандарын теріске шығарып отыр.
АҚШ президенті мен жұмыстан қуылған FBI басшысы арасындағы күрделі қайшылықтың анығы байқалар емес.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы