Германия - жасанды қуат көздерін өндіретін ең дамыған елдердің бірі болып табылады. Соған дәлел – Германияның Юлих қаласындағы Аэроғарыштық орталықта (DLR) әлемдегі ең үлкен әрі қуатты жасанды Күннің құрылысы аяқталды.
Synlight аталмыш үш қабатты құрылыс нысаны түрлі зерттеу жұмыстары мен жарықты пайдалана отырып, сутегі отынын өндіретін құрылғы ретінде пайдаланылатын болады.

Зертханадағы «Күн» ойысқан параболалық рефлектер секілді құрастырылып, ішіне 7 киловаттық 150 шам орнатылған. Жарықтың барлығы көлемі 20*20 болатын нүктеге бағытталған. Барлық шамдар іске қосылғанда температура 3500 °С – ге дейін жетіп, жарық қалыпты деңгейден 10 000 есе артады.
Жасанды Күннің көмегімен ғалымдар су буынан сутегіні бөліп шығаруды қолға алмақ. Егер жоспар толықтай жүзеге асатын болса, ұшақтар мен көліктерге экологиялық жанармайды өндіруге болады.

Бұл жобаны жүзеге асыруға 3,5 млн еуро қаржы жұмсалған екен.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр