ФИФА этика комитетінің төрелік палатасының басшысы Ханс-Йоахим Эккерт және тергеу палатасының төрағасы Корнель Борбели өз қызметтерінен кетті. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс хабарлайды.
Бұл шешім сейсенбіде Бахрейн қаласында өткен ФИФА кеңесінің отырысында қабылданды.
ФИФА конгрессінде комитет басшыларының орындарына - грек Вассилиос Скурис пен колумбиялық Мария Клаудия Рохастың кандидатуралары ұсынылды.