Бүгін Киевтің Оболонск аудандық сотында Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович ісі қаралды деп хабарлайды Интерфакс Украина ақпарат көзі.
Виктор Януковичке Украина қылмыстық кодексінің 111 бабының 1 тармағы (Отанына опасыздық жасау), 110 баптың 3 тармағы (Украинаның тұтастығы мен тәуелсіздігіне қол сұғу), 437 баптың 2 тармағы (Арандатушы әскери әрекет жасау), 27 баптың 5 тармағы (сыбайластық) бойынша айыптар тағылған.
Виктор Янукович ісін қараған Оболонск ауданының соты Владислав Девятко Януковичке сотқа видео арқылы қатысуға рұқсат берген.
Ал 3 мамыр күні Интерпол Януковичті іздестіруін тоқтататынын мәлімдеген болатын. Бірақ Украиына қарсы апелляциялық шағым жазған.
Виктор Янукович Украинаны 2010-2014 жылдары аралығында басқарған. 2014 жылы 106 адамның өмірін қиған Евромайданнан кейін билік басынан кеткен болатын.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы