Ресей, АҚШ, Түркия, Сүрия жерінде қауіпсіз аймақ құруға байланысты келесімге келуге жақын деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі Владимир Путиннің сөзіне сілтеме жасап.
Ресей басшысы Владимир Путин кеше Сочиде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінде «Сүрия да құрылғалы жатқан қауіпсіз аймақта ешқандай әскери операциялар жүргізілмейді. Мен бұл жайында АҚШ президенті Дональд Трамппен де сөйлестім. АҚШ тарапы да бұл бастаманы қолдап отыр. Бұл келіссөздердің нүктесі Қазақстан астанасы Астанада қойылуы тиіс. » деген.
Ал Франс-пресс ақпарат агенттігінің мәліметінше Ресей тарапы Идлиб пен Хомс провинцияларын және Дамаск маңындағы Шығыс Гута аумағын қосып қауіпсіз аймақ жасауды көздеп отыр. Бұл жайында Түркия, АҚШ, Сүрия басшыларына ұсыныста жасаған.
Бірақ қазірдің өзінде Астанадағы басқосуда Сүрия оппозициясы өкілдері келіссөзге қатысудан бас тартып отыр. Олардың айтуынша Башар Асад әскері Сүрия оппозициясы қарамағына кіретін айиақтарды бомбылауын әлі тоқтатпай отырған көрінеді.
Осыған қарағанда Ресейдің Сүриядағы соғысты бейбіт жолмен шешу бастамасы аяқсыз қалуы әбден мүмкін.
“The Qazaq Times”


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны