Сейсмологтардың ескертуінше, Чилидің астанасы Сантьяго қаласында жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін. Бұл зілзалаға байланысты болжамдар Earth and Planetary Science Letters басылымында жарияланды.
Оңтүстік Америкада соңғы бірнеше онжылдықтарда болмаған зілзаланың негізгі себептерінің бірі – мұхитасты Наска тақтасы құрлықтың астына үлкен жылдамдықпен (жылына 80 миллиметр) еніп келеді. Ал тағы бір болжам бойынша, Наска тақтасының құрлықпен шектесуінен Анд тауының қабаты қалыңдап, биіктеуіне байланысты құрлық тақтасы жылжыды. Ғалымдар келтіріп отырған соңғы деректе – мұхитасты жанартаулардың пайда болуы да жойқын зілзала тудыруы мүмкін.
Ал адамзат тарихындағы жер сілкінісінен болған ең үлкен апат 1960 жылы Сантьяго қаласының оңтүстігіне қарай 570 шақырым жерде тіркелген. Зілзаланың магнитудасы 9,5 баллға жеткен болатын.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы