Түріктің ақпарат көздері Ұлыбританияның «Brexit» келіссөздерін өткізу қарсаңында Бельгияның Брюссель қаласында басқосқан Еуроодақ басшылары Түрік президентіне байланысты шешім қабылдағаны туралы жазды.
Еуроодақ Кеңесі төрағасы Дональд Туск және Еуроодақ комициясының басшысы Жан-Клод Юнкер 25 мамыр күні болып өтетін NATO саммитінде Түрік президенті Режеп Тайып Ердоғанмен басқосатын болып шешім қабылдады.
Германия канцлері Ангела Меркель, Туск және Юнкердің Түркиямен бұзылған қарым-қатынастарды қалпына келтірудің жолын қарастыратынын атап айтты.
Әскери төңкерістен аман қалып, соның желеуімен елдегі қарсыластарын әбден әлсіретіп алған Ердоған өз қалауындағы референдумды сәтті аяқтап енді етек-жеңін қайтадан жия бастады. Ресеймен болған ортақ мүдесін сақтай отырып АҚШ пен Еуропаға қайта жақындай бастады.
"The Qazaq Times"