«Өнер дамысы» одағы Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралымен бірлесіп жастар арасынан жылдың үздіктерін анықтады. Бұл туралы KAZNEWS хабарлайды. Сонымен, әр салада еселі еңбек етіп, жыл соңында соның жемісін жеген үздік жастардың ретін мынадай:
- Үздік қаржыгер – Өлгий сұмындық 3 – балабақша есепшісі Қ.Сәулехан,
- Үздік бизнесмен – Досмухан ЖШС-ның директоры Б.Досжан, Ай-Ару ЖШС-ның директоры Б.Айсұлу,
- Жеңіл өнер кәсіп саласының үздігі - Тәп-тәтті бейкери, Берекет мейрамханасының менежері Қ.Лаура,
- Баспасөз, ақпарат саласының үздігі - KazNews агенттігінің директоры Қ.Өмірбек,
- Үздік журналист – Дербес телеарнасының тілшісі Ж.Жұлдыз,
- Үздік тележүргізуші – ТВ4 телеарнасының тілшісі М.Айгерім,
- Үздік фотограф - Ағайын фото студиясы, Ақтай ЖШС-нің директоры М.Нұрболат,
- Үздік әнші - Қабылай, жалпы білім беретін 5 мектеп ұстазы Қ.Серікгүл,
- Үздік ақын – Б.Аманжол,
- Үздік айтыс ақыны – Қ.Сәтжан,
- Үздік менежер – Нурданеско ЖШС-нің менежері С.Асылбек,
- Үздік биші М.Айгерім,
- Үздік тамада – С.Бержан,
- Үздік оператор – Аяана продакшн Қ.Бақытбек,
- Табиғат қорғау саласының үздігі - Қ.Сұлушаш,
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласының үздігі - Б.Сержұма қатарлы жастар сыйланды.
Ал, аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының «Құрмет громатасы» -мен Ж.Бақытбек, Ж.Аяулы және Өнер дамысы одағының Құрмет громатасымен М.Нұрбақыт марапатталды.