АҚШ Сауда палатасының президенті Томас Донхуе (Thomas Donohue) 6 ақпанда, – «АҚШ-тың Солтүстік Америка еркін сауда одағынан шығыуы АҚШ, Канада, Мексика сынды үш елдің экономикасы, бизнесі мен қызметкерлеріне апатты салдар ала келеді», – деді. Бұны ол Канада астанасы Оттовадағы іскерлік топтарға сөйлеген сөзінде айтып өтті.
Thomas Donohue көрсеткен дәлеліне сенсек, Канадаға шығаратын экспорты АҚШ экспорты ел ішіндегі 9 миллион жұмыс орынын жебеп отыр. «Сондықтан біз оларға кері әсер жеткізбеу астында, АҚШ пен Канаданың екіжақты сауда қатынасын жақсартуға, дамытуға тиіспіз», – деді Томас Донхуе. Оның ойынша АҚШ Солтүстік Америка еркін сауда келісімін екіжақты келісім тұрғысында жалғасты қолдауы керек. Тек АҚШ мүддесін көздеп Канада мен Мексика арқылы еркін сауда келісіміне қол жеткізу үшін ұмтылуға болмайды. Канада, Мексика үш ел арасындағы сауда байланысқа нұқсан жеткізбеу аясында, Солтүстік Америка ЕСК-ны жаңарту және жетілдіру жолдарын қарастыру керектігін айтты.
Ал, осыдан бұрын АҚШ президенті Доналд Трамп талай мәрте, «Солтүстік Америка ЕСК – америкалық қызметкерлер үшін ауыртпалық майданы» деп жар салып келген болатын. Ол тіпті егер сауда келісімдерді жаңарту туралы келіссөздер нәтиже бермесе Солтүстік Америка Еркін сауда келісімінен шегіну керек деп қадап айтқан. Жалпы Трамп саясаты барлық халықаралық көпжақты сауда келісімдерге жатырқай қарауда. Америкалықтар зардап шегеді деген себепті алға тартып, TPP-дан да шегініп кеткенін білеміз. Алайда, АҚШ Сауда палатасының президентінің бұл сөзі Трамптың ойына қайшы болып шықты.
“The Qazaq Times”