Әзірбайжан халқы 1990 жылы 20 қаңтар күнгі  оқиғаны «Қайғылы күн» ретінде еске алуда.

Әзірбайжанда 1990 жылы 20 қаңтар күнгі «Қанды қаңтар» атты оқиғаның 27 жылдығы еске алынуда, деп хабарлайды trt.net

«Қанды қаңтар» атты оқиғасы Әзірбайжан тәуелсіздігі және территория тұтастығы үшін жүргізген күрес тарихында маңызды орын алуда. 1990 жылы 20 қаңтар күні Әзірбайжанға қарсы территорияны тапсырып беруді алға тартқан Арменияның жаулаушы әрекетіне Кеңес Одағы көз жұмған болатын. Бірақ Әзірбайжан халқы Баку көшелерімен алаңдарына шығып, жаулаушы қимылдарға қарсылықтарын білдірді.

Кеңес Одағы армиясының қарулы жасақтары жай халыққа қарсы қырғын жасады. Бұл оқиға тарихта «Қанды қаңтар» деп жазылды.

Әзірбайжан халқы осы қанды оқиғаны әр жылы «Қайғылы күн» ретінде еске алуда.

“The Qazaq Times”