Бірнеше күннен бері Мұңғұлия елінде бокстан ел біріншілігі өтіп жатқан. Оған Баян-Өлгий аймақтық команданың құрамында өнер көрсететін қазақ спортшылары да қатысты. Жеңіске жетіп, жүлде алғандары да бар.
Ал, KAZNEWS-дің хабарлауынша, мәреге жеткен ел біріншілігінде қандасымыз Еркін Жамантайұлы жаттықтыратын «Хилчин» спорт клубы 2017 жылғы ел біріншілігінде көрсеткен нәтижесі бойынша үздік атаныпты.
Клуб 2017 ел біріншілігінде 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған.
«The Qazaq Times»