Германия канцлерінің мәлімдемешісі бүгін түстен бұрын журналистерді қабылдағанда, Ангела Меркельдің АҚШ президенті Дональд Трампты кеңеске шақырғанын мәлім етті. Оның айтысына қарағанда бір күн бұрын Трамп пен Ангела Меркель телефонда көз алдағы Сүрия және әлемдік қауіпсіздік істері туралы талқылаған.
Генмания канцлерінің баспасөз хатшысы екі ел басшысының сұхбаты ұзағынан болыпты. Ангела Меркель Сүрия билігінің жауыздықпен химиялық қару қолдануына АҚШ-тың берген әскери жауабын орынды деп санайтынын айтқан. Алайда Ангела Меркельдің ойынша Сүрия ісін әлі де БҰҰ және АҚШ, Ресейдің тікелей қатысуымен біржақты ету керек екенін айтқан.
Трамп та өз кезегінде Ангела Меркельдің сөзін қостап, Башар Асадтың осы елдің болашақ көшбасшысы болмауы тиіс деген ойын ашық жеткізген. Ол және Сүрия дағдарысын шешу үшін Сүрияның жаңару процесіне қозғаушы болу керектігін айтқан. Сүрияда тұрақтылықты қамтамасыз етудің алғышарты Асад билігін құлату деп көрсеткен.
“The Qazaq Times”