Солтүстік Корея Сыртқы Істер Министрі өкілі орталық телеграф агенттігінен «АҚШ-тың кез келген арандату әрекетіне жауап беруге дайынбыз» - деп хабарлады.
«АҚШ – тың Солтүстік Корея теңіз аймағына Карл Винсон ұшақ тасмалдағыш кемесін жіберуі, арандатудың ең соңғы белгісі. Егерде АҚШ қандай да бір әскери әрекетттерге көшетін болса, Солтүстік Корея кез келген әрекетке жауап беруге дайын, әрі қауқарлы» - деді Солтүстік Корея СІМ өкілі.
Бұдан сәл ертеректе АҚШ – тың әскери теңіз күштері Карл Винсон ұшақ тасмалдағыш кемесімен бірге Солтүстік Корея теңіз аймағына барады - деп хабарланған болатын.
Жексенбі күні АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Герберт Макмастер бұл шешімнің дұрыс екендігін айтып, Солтүстік Кореядағы атом бомбаларының санының артып бара жатқанын алға тартып, осындай қадамға барғандарын түсіндірген. Өз кезегінде Дональд Трампта АҚШ әскерилеріне бұл тапсырманы орындау барысында кез келген әскери әрекетке дайын болуларын сұраған.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі