Беларусь ақпарат министрі Луцкийдің 29 қыркүйектегі бұйрығына сайкес TUT.BY сайты ақпарат тарату құқығын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап тоқтатты, деп хабарлайды басылым өзінің ресми сайтында.

Беларусь Ақпарат министрлігінің мәліметінше мемілекеттік орган TUT.BY сайтына қатысты істі сотқа жіберсе сайт жұмысын уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болады.

Департамент 18 қыркүйекте Минск экономикалық сотына талап арызын жолдаған, сот отырысы 8 қазанға жоспарланған.

TUT.BY бұқаралық ақпарат құралы ретінде ресми 2019 жылдың қаңтарында тіркелген. Сайт 2000 жылы құрылғаннан өткен жылға дейін тіркелмей жұмыс жасаған, бұл туралы сайттың мәлімдеуінше, Беларус заңына сайкес интернет-ресурстарды ақпарат құралы ретінде тіркеу міндетті емес.

2020 жылдың 7 тамызынан бері TUT.BY сайтына төрт мәрте ескерту жасалған, оған басты себеп сайт Беларустағы президенттік сайлау қарсаңындағы заң бұзушылықтар және наразылық шаралары туралы ақпарат таратқаны үшін.

Беларус билігі БАҚ туралы заңды алға тарта отырып сайтты сотқа тартқан, нәтижесінде қазан айынан бастап TUT.BY сайты ақпарат құралы мәртебесінен айрылады. Алайда портал өкілдері бұл шешімге қарамастан жұмыс жалғастратынын мәлімдеді.

"The Qazaq Times"