Беларусь президенті Александр Лукашенко Польша және Литвамен шекараны жапты. Лукашенконың айтуынша, елдегі наразылықтардың күшеюіне сыртқы факторлар ықпал еткен.

Алдағы уақытта Беларусь Украинамен шекараны бақылауға алмақ. Лукшенко осы үш мемлекеттің президенттеріне ескерту жасап, соғысқа жол бермеуге шақырды.

Лукашенко сөзінде: «Басқа елдер нағыз майдан ашуға бекініп отыр ма? Олай болған күнде не ұтады? Біз сақтық шараларына жете мән беріп жатырмыз. Шебіне болмаса да шегіне тақап қалды. Қамсыз отыруға болмайды. Тіпті бауырлас санайтын Украинамен де байқап сөйлесетін секілдіміз. Мемлекеттік шекара күзетін күшейтуге мәжбүрміз», – деді.

Осы аптада аустриялық басылымға сұхбат берген Украина президенті Владимир Зеленский Беларусьтегі қазіргі ахуалда беларусь халқын қолдайтынын айтқан. «Адамдар агрессия мен зорлық-зомбылықсыз өмір үшін, бейбітшілік пен демократия үшін күресіп жатыр. Шеруде ешкім билік өкілдеріне қару кезенген жоқ, ғимараттарды өртемеген жоқ. Ал Беларусь билігі демонстранттарға қатыгездікпен қарайды. Украина үшін қанды майдан болмауы маңызды. Егер мемлекет халықпен диалог жасаудан бас тартса, онда Беларусьті майдан күтіп тұр», – деді Зеленский.

"The Qazaq Times"