АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус пандемиясына байланысты елдегі иммиграцияны уақытша тоқтататынын мәлімдеді.
«Көрінбейтін жаудың шабуылына төтеп беру үшін, сондай-ақ жұмыс орындарын қорғау мақсатында мен иммиграцияны уақытша тоқтата тұру туралы жарлыққа қол қоямын» — деп жазды Уашингтон әкімшілігінің басшысы өзінің твиттерінде. Америка президенті бұдан басқа ешқандай мәлімет берген жоқ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, АҚШ-та коронавирустық инфекцияның 786 мыңнан астам жағдайы тіркелген. 42 мыңнан астам адам қайтыс болған.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?