Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов екі айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 28.03.2020 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат түскен.

Аталған тұлғаға ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-армағымен күдік келтірілген. Күдікті Қуанышбек Досмаилович Ысқақовқа қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды.

Мәліметтер бойынша, «Үйқамақ» бұлтартпау шарасының 2 ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген.

Айта кетейік, 28 наурызда Гүлшара Әбдіхалықова президент жарлығымен Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

"The Qazaq Times"