Өткен апта соңындағы демалыс күндері әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп кетті. Қытайдан тыс әлемнің бірқатар елінде вирус жұқтырғандар саны 1200-ден асып, 20 адам көз жұмды, ал Қытайдың өзінде 70 мыңнан астам адам жұқтырып, 2600-ден аса адам қаза тапты.
Әлем елдерін аталған қорқынышты жаңа вирустың кең таралып бара жатқаны алаңдатады. Бірнеше күн ішінде Оңтүстік Корея, Иран және Италияда жедел тарап, үш күн ішінде бес адам көз жұмды. Ал, Британияда 13 адам аталған вирусқа байланысты оқшауланған.
Осымен қатар Бахрейн билігі де елде қауіпті вирустың табылғанын жария етті. Мәліметке қарағанда Бахрейндегі қоғамдық көлік жүргізушісі қауіпті жаңа вирус жұқтырған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың қауіпті пандемияға айналып кетуінен алаңдап отыр. Пандемия деп осындай қауіпті індеттердің әлемнің түкпір-түкпірінен бір уақытта таралуын айтады. Егер коронавирус пандемияға айналса онда оның масштабты түрде таралып кеткенін көрсетеді. Қазірге дейін әлемнің 30 елінен аталған вирус табылып жатыр, бірақ ДДҰ індет жағдайын пандемия деп атауға жете қоймады деп қарайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау