Италияның Eni мұнай компаниясы Мексика жағалауларында қара алтынның мол қорын тапты деп хабарлайды Financial Times. Аталмыш компания ел аймағында мұнай-газ секторы бойынша Халықаралық компаниялар инвестиция салуға мүмкіндік алғаннан кейінгі бұрғылау арқылы мұнай қорын тапқан алғашқы шетелдік компания болып отыр.
Eni Мексика шығанағында жұмыс жасау құқығына 2015 жылы ие болған. Pemex мемлекеттік компаниясының аймақты толықтай зерттеу нәтижесінде осындай мұнай қоры табылған деген болжамдар келтірілуде. Бірақ италияндық компания өкілдері мұнай қоры алдын ала зерттелген аймақтан едәуір терең жерде орналасқандықтан, оны алғаш анықтағандықтарын мәлімдеп отыр.
Компания басшысы Клаудио Дескальцидің (Claudio Descalzi) айтуынша, мұнай қоры табылған аудан жағалаудан 7-8 шақырым қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар, Pemex инфрақұрылымынан 20-30 шақырым алыста.
"Біз тездетіп бастамақпыз. Ал екі-үш жылдан кейін мұнайды өндіруге мүмкіндік туады" - дейді, компания басшысы.
"The Qazaq Times"

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр