Естеріңізде болса, жас талант Димаш Құдайбергеннің өнеріне сүйінген әйгілі өнер жұлдызы Лара Фабиан Димашпен кездесуге ниетті екенін білдірген. Ал, «Әнші» жобасындағы алтыншы кезеңде Димаш сол Лара Фабианның репертуарынан «Adagio» әнін айтып, көрерменді тағы бір сүйінтті.
Аталмыш әнді пианионың сүйемелімен нақышына келтіре орындаған Димаш байқаудағы көптен бері жеткізбей кеткен бірінші орынды қайта иеленді. Бүгінгі күні аталған байқау өте тартысты өтуде. Қазірге дейін бастаптағы жеті қатысушыдан тек төртеуі ғана қалды. Ал, Димаш жалпы есепте үшінші орыннан түспей келеді. Қазір жетінші кезең де аяқталды. Түсірілім тәмамдалған соң Димаш елге қайтып келген болатын. Оны Үрімжіде қандастарымыз қарсы алып, «Дударай» әнімен шығарып салды. Ал, Астанаға оралғанда әуежайдан саны аз болса да, біраз жанкүйерлері күтіп алды. Айта кетейік, жетінші кезеңде Димаш «Дайдидау» әнін орындады. Ұлттық киімде, қазақ әнін әуелеткен әншіміз қытайдағы көрерменге тағы бір қырынан танылып, байқаудың жетінші кезеңінде үшінші орынға ие болды.
Бүгінге дейін өз өнерімен әлемдегі біраз өнер сүйер ортаны елеңдеткен Димаштың жанкүйерлері күн сайын артуда. Көптеген әлемдік өнер майталмандары оған жақсы бағасын беріп жатыр.
“The Qazaq Times”

















Алмасбек Садырбай ісі: Протоколдағы «күмәнді» кол қоюлар, Павлодардағы жоқ шығын және тоқтатылған беттесулер
Майдан шебіндегі бетбұрыс: Киевтің «технократиялық төңкерісі» және соғыстың жаңа доктринасы
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?