«Лукойл» компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық секторында кен орнын игермек.

Маусым айының 5-і күні Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев пен «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперов кездесіп, Каспий теңізіндегі «Жеңіс» мұнай блогына қатысты келіссөздер жүргізген. Энергетика министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта «ҚазМұнайГазбен» «Лукойл» бірігіп «Жеңіс» мұнай блогын игеру үшін тиісті органдардан рұқсат алмақ.

«Жеңіс» мұнай блогы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Ол Ақтау портынан 180 шақырым жерде орналасқан.

“The Qazaq Times”