Қоғамда өзгенің жалақысына деген қызығушылық бұрыннан болған және бола беретін сияқты. Бірақ жалақысы жайлы тіпті жақындарың мен бұрыннан келе жатқан әріптестерің де ашылып ешнәрсе айтқысы келмейді. Ал президенттер мен премьер-министрлардың жалақылары жайлы ақпарат құпия емес. Рaywizard.org ақпаратына сүйене, әлем елдері президенттерінің еңбекақылары көрсетілген тізімді (өсу ретімен) ұсынамыз.
Дональд Трамп, АҚШ президенті
Жылына 1 АҚШ доллары
Трамп жылына 400 мың АҚЩ долларын құрайтын президент жалақысынан бас тартқан (айына 33 мың, күніне 1095). Заң бойынша, президент еңбегі үшін қандай да бір қаражат алу керек болғандықтан, ол жылдық жалақысын 1 АҚШ доллары көлемінде бекіткен. Трамптың мүлкі шамамен 3 млрд АҚШ долларына бағаланады, сол себепті президенттің жалақысына ол мұқтаж емес. Оған дейін Герберт Гувер мен Джон Кеннеди де президенттік жалақысыз жұмыс істеген болатын.
Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасы президенті
Жылына 20 593 АҚШ доллары
Бұл 2015 жылы Цзиньпиннің жалақысын 62 %-ға көтергеннен кейінгі еңбекақы көлемі (айына 1716, күніне 56 АҚШ доллары). Президенттің өзі де, жұбайы да ешқандай кәсіпкерлікпен айналыспайды. Бірақ оның жақын туыстарының қазынасы шашамен 376 млн АҚШ долларға бағаланады.
Владимир Путин, Ресей Федерациясы президенті
Жылына 151 мың АҚШ доллары
Владимир Путин жылына 151 032 АҚШ доллар көлемінде жалақы алады (айына 12 586, күніне 414 АҚШ доллары).
Эммануэль Макрон, Франция президенті
Жылына 211 мың АҚШ доллары
Франция тарихындағы ең жас президент Эммануэль Макронның жалақысы 211 530 АҚШ долларын құрайды (айына 17 628, күніне 580 АҚШ доллары). Саясаткер болмай тұрып Макрон банк ісінде білікті маман болғаны үшін "қаржы Моцарты" деген лақап атқа ие болған (комиссиядан түсетін пайдасы жылына 1 млн АҚШ доллары шамасында болған).
Ангела Меркель, Германия Федеративті Республикасы президенті
Жылына 263 мың АҚШ доллары
Ангела Меркельдің жылдық жалақысы 263 мың АҚШ доллары (айына 22 мың, күніне 72 АҚШ доллары). Ол жұбайымен Берлин орталығындағы 5-қабатты тұрғын үйде тұрады.
Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі
Жылына 267 мың АҚШ доллары
Канадалық премьер-министрдің жылдың жалақысы 267 415 АҚШ долларын құрайды (айына 22 285, күніне 733 АҚШ доллары). Бірақ өткен жылы Джастин Трюдо миллионер-досы Карим Ага-хан ханзадасы есебінен Багам аралдарына демалысқа барып қайтқаны үшін саяси дауға іліккен болатын.
Дорис Лойтхард, Швейцария президенті
Жылына 437 мың АҚШ доллары
Швейцарияда президентті министрлер арасынан 1 жылға сайлайды, сол себепті оның жалақысы басқа министрлермен бірдей болады. Президент постына осымен екінші рет сайланған Дорис Лойтхардтың жалақысы жылына 437 мың АҚШ долларын құрайды (айына 36 мың, күніне 1200АҚШ доллары).
Ли Сяньлун, Сингапур премьер-министрі
Жылына 2,2 млн АҚШ доллары
Ли Сяньлун президент орнына өзінің әкесі Ли Куан Юдан кейін отырды. Ли Куан Ю кезінде Сингапур экономикасы шарықтап дамыған болатын. Қазір Ли Сяньлун да әкесінің саясатын жалғастырып жатыр. Оның жалақысы әлем елдері президенттері еңбекақылары арасында ең жоғарғысы (айына 147 мың, күніне 7 350 АҚШ доллары) боып табылады. Елдің жалпы билік басында отырған 31 адамның жалақысына жылына 53 млн АҚШ доллары жұмсалатын көрінеді.
Ли Сяньлунның жалақысы 2,2 млн-нан да көп болған, бірақ жергілікті халық наразылығынан кейін оны 36 %-ға азайтқан. Қазірдің өзінде Сингапур премьер-министрінің жалақы көлемі Канада, Австрия, Швейцария, Бельгия, Ресей және Австралия басшыларының жалақыларын қоса есептегендегіден көп.