Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Унның қарындасы Ки Йо Жоң Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына барады. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып «People» басылымы хабарлады.
Оңтүстік Кореяда өтетін Пиоңчаң қысқы Олимпиада ойындарына Солтүстік Корея 22 адамдық делегация өкілдерін жіберетін болған. Хабарға қарағанда, делегацияны КХДР Жоғары мәжілісінің төрағасы Ким Йо Нам бастап барады және өкілдер құрамында Ким Жоң Унның қарындасы әрі КХДР Жұмысшы партиясының үгіт-насихат департаментінің жетекшісі Ким Йо Жоң да бар.
Оңтүстік Кореяның Біріктіру министрлігінің мәліметіне қарағанда өкілдер құрамында Солтүстік Корея спорт комитетінің және екі ел қарым-қатынасына жауапты лауазымдылар да бар. Олардың Оңтүстік Кореядағы сапары үш күнге жалғасады.
Айта кетейік, Пиоңчаң олимпиадасына Солтүстік Кореядан 22 спортшы қатысады.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні