Оңтүстік Кореяның Корей түбегі мәселесіне байланысты құрылған Бірлесу министрлігінің басшысы Чо Миң-гион Солтүстік Кореямен шартсыз келіссөз үстеліне келуге дайын екендерін мәлімдеді. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.
Аталған министрліктің мәлімдемесінде министр Чо Миң-гион Солтүстік Кореямен екі ел арасындағы барлық мәселе туралы ашық әрі шартсыз келіссөз өткізуді қалайтынын жеткізген. Ол және осы орайда екі ел арасындағы бүлінген қатынасты реттеп, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға күш салатынын айтқан.
Министр Чо мәлімдемесінде Солтүстік Кореяны ақпан айындағы қысқы олимпиадаға қатысуға шақырды.
Бұл Солтүстік Кореяны шартсыз келіссөзге шақырған екінші мәлімдеме. Осыдан бұрын 13 желтоқсан күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Солтүстік Кореямен алғышартсыз келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі