Әлемдегі 57 мұсылман мемлекет АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындау туралы шешімін заңсыз деп тауып, Шығыс Иерусалимді Палестинаның орталығы деп тануды талап етті. Осыдан бұрын Палестинаның Президенті Махмұд Аббас БҰҰ-дан мәселенің шешімін өз қолына алуды сұраған болатын. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Ислам Ынтымақтастығы ұйымының бас қосуында Махмұд Аббас АҚШ Израильді қолдайтынын ашық көрсеткеннен бастап, Таяу Шығыстағы бейбіт келісімдерде медиатор қызметін атқара алмайтынын айтты. "Палестиналықтар Трамптың әкімшілігімен "ғасыр келісіміне" қол жеткізу үшін сенім артып, нәтижесінде Америкадан "ғасыр шапалағын" алды", -деді ол.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мұсылман мемлекеттерінде Дональд Трамптың шешіміне қарсы болып өткен көтерілістерді атап өтіп, Ислам Ынтымақтастық ұйымының жиыны АҚШ-ты тоқтатуға жасалған қадамды күшейтудің амалы екенін айтты.
ВВС тілшісінің пікірінше, Сауд Арабиясы мен Египет сияқты мемлекеттер Ислам Ынтымақтастығы ұйымының жиынына өз өкілдерін АҚШ-ты қолдау үшін ғана жіберген. Израильдің Премьер-министрі Бенжамин Нетаньяху Таяу Шығыстағы бейбіт келісімдерде АҚШ-тың орнын басатын ешкім жоқ екенін айтып, уақыты келгенде барлық мемлекеттер ақиқатты мойындап, өз елшіліктерін Иерусалимге көшіретініне сенім білдірді. Ол сондай-ақ, палестиналықтардан шындықтың бетіне тура қарап, экстремизмден аулақ болуды, бейбітшілікті қолдауды өтінді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі