Ислам елдерінің басшылары Стамбулға жиналып шұғыл кеңес өткізді. Талқы тақырыбы АҚШ президентінің Иерусалим қаласын Израиль орталық қаласы деп мойындауы. Жиында бұл шешімге наразылы білдірді. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлады.
Мұсылман лидерлерінің жиынында Түркия президенті Ердоған Трамптың шешімін заңсыздық деп айыптады. Оның айтуынша бұл шешім оккупацияланған Палестинада террорлық топтардың күш алуына ықпал етеді. Ердоған және Израильді террорлық ел деп бағалап, Трамптың Иерусалимді Израиль орталығы деп тануы террористтерге қолдау көрсету болатынын айтты. Стамбулда бас қорсқан мұсылман басшылары Трампқа қатаң жауап қайтарамыз десті.
Түркия президенті жиналыста ислам елдерінің Иерусалимді Палестина астанасы деп мойындауға шақырды. Ол сөзінде: «Мен халықаралық ережелерді және әділеттікті құрметтейтін елдердің Иерусалим қаласын оккупацияланған Палестинаның орталық қаласы деп тануға шақырам», – деген. Түрік басшысы АҚШ-тың бұл шешіміне табанды түрде қарсылық білдіретінін жеткізді. Палестина президенті Махмұд Аббас Иерусалим Палестинаның бірден бір орталық қаласы деп атап, бұдан кейінгі бейбітшілік келіссөздеріне АҚШ-тың ара-ағайын бола алмайтынын айтты.
Дегенмен Ислам ынтымақтастық ұйымының шұғыл отырысынан қандайда бір маңызды шешім бола ма деген сұрақ туындайды. Кейбір сарапшылардың айтуынша ұйымның көптеген мүшелері Трамптың шешімін қолдап, шұғыл жиналысқа министрлерін жіберіп отырғанын айтуда.