Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстан билігін қатаң сынға алды.
Бүгін Ташкент қаласында өтіп жатқан ТМД елдері үкімет басшыларының кезекті отырысында Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков қазақ-қырғыз шекарасындағы дауға байланысыты мәлімдеме жасады. Ол онда: «Қазіргі таңда ТМД аймағында еркін сауда аймағы жайында сөз қозғау өте қиын. Өйткені кейбір мемлекеттер еркін тауар тасымалы талаптарын орындамай отыр. Күн сайын қазақ-қырғыз шекарасында 500-600-ге жуық жүк көлігі Қазақстанға өте алмай 5-6 сағаттап тұрады. Қазақстан тарапы бұл жағдайды әр түрлі түсіндіреді. Мысалы олар бұны контрабандамен күрес деп түсіндіреді. Шекарадан өте алмай тұрған Қырғызстан жерінде өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін контрабанда деп атауға бола ма? Мүмкін Қазақстан арқылы Ресейге бет алған 80 пайыз тауардың барлығы контрабанда шығар? Бұндай қолдан жасалған кедергілер ЕАЭО заңдарына қайшы әрі бизнесмендерге қаржылай қиындықтар туғызады» - деген.
Өз кезегінде қазақ премьер-министрі Бақытжан Сағантаев: «Қырғызстан тарапының бұндай мәлімдемелері шындыққа жанаспайды. Біз барлығын заң аясында жасап отырмыз және біз бұл мәселені шешуде қырғыз еліне бірнеше талаптар қойғанбыз. Қазақстан аталмыш мәселе бойынша, келіссөздер жүргізуге дайын» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан кеден қызметін ЕАЭО елдеріне жалған ақпарат беруде деп айыптаған болатын. Оның сөзінше, қырғыз билігі елге Қытайдан келетін тауар көлемін үш есе аз көрсеткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?