Испанияның министрлер кеңесі сенбі күні Каталонияның өзін өзі басқару мүмкіндігін шектеуге байланысты шұғыл кездесу өткізеді. Кездесуде Каталония тәуелсіздігіне тосқауыл қоятын Испания Ата заңының 155 бабы қабылдануы мүмкін.
Ел үкіметі бұл мәселені Сенат қарауына жібермекші. Билік өкілдерінің сөзінше, шара "испандықтардың, Қаталония тұрғындарының мүдделерін қорғау және конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін" қолға алынады.
Үкіметтің мәлімдемесінде "Каталония автономиясының басшысы Карлес Пуджемонттың Испания премьері Мариано Рахойдың талаптарын орындамай отырғаны" туралы айтылған. Бұдан бөлек Испания билігі "заңды және конституциялық тәртіпті, азаматтар арасындағы бейбітшілікті қалпына келтіріп, Каталониядағы тұрақсыздықтан туындаған экономикалық нашар жағдайдарды тоқтату үшін барлық мүмкіндікті пайдаланатынын" атап өтті.
Айта кетейік, бүгін Испанияның жергілікті уақытымен 10:00-де Карлес Пуджемон Мариано Рахойдың "Католония тәуелсіздігін жариялады ма, жоқ па?" деген сұрағына жауап беру керек еді. Алайда Пуджемонт тек Каталонияның тәуелсіздігін жариялауы күшінде қалатыны туралы ғана айтқан. Бұдан бөлек ол Мадрид диалогтан бас тартса және жергілікті билікке күш көрсететін болса Каталония парламенті тәуелсіздік үшін дауыс беретінін мәлімдеген.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?