Қарсылықтар, санкциялар мен ескертулерге қарамастан Солтүстік Корея өзінің зымыран сынағын табанды жалғастыруға бел байлағаны байқалады. Сол елдің «Орталық-ақпарат» агенттігінің хабарына қарағанда, кешегі өткізілген зымыран сынағынан кейін, сол елдің ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Kim Jong Un) хабарлама жариялап, КХДР баллистикалық зымыран бағдарламасының стратегиялы ұзақ мерзімге жалғасын табатынын, «Марс-12» баллистикалық зымырандарының бұл жоспарды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік беретінін айтқан. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.

АҚШ-тың Тынық Мұхит қолбасшылық штабының командирі таратқан хабарға қараған, Ким Жоң Ун бұл реткі ұшырылған зымыранға өзі тікелей қадағалау жасаған, әрі дайындықтарды түгелдей көзден кешіріп болғаннан кейін, зымыранды ұшыру бұйрығын берген. Жапония кеңістігінен өткізу арқылы Тынық мұхитқа құлату алдын ала белгіленген жоспар екенін сол елдің ресми ақпарат құралдары айтуда.

Құрама Штаттың қарсылығына қарамастан Солтүстік Корея өзінің баллистикалық зымыран және ядролық бағдарламаларын табанды жалғастыратынын анық аңғартты. Тіпті, Ким Жоң Ун үкіметі зымыран сынақтарын жалғастыруға табанды боламыз деп мәлімет таратып отыр. Бұл қалыптасқан жағдай, алдағы уақыттағы Солтүстік Корея толассыз теке-тіресін анық аңғартады.

“The Qazaq Times”