Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ресми іс-сапармен Қырғызстанға барды.

Шавкат Мирзиеев Бішкекке іс-сапары барысында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен, ҚР премьер-министрі Сапар Исаковпен және жоғарғы кеңес (парламент) спикері Шыныбай Турсунбековпен кездеседі деп күтілуде.

Қырғызстан президенті әкімшілігінің таратқан ақпараты бойынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Алмазбек Атамбаев сауда-саттық, шекара делимитациясы сынды өзекті мәселелерді талқылап, бірнеше маңызды құжаттарға қол қояды.

Шавкат Мирзиеевтың Бішкекке іс-сапары екі ел арасындағы 26 жылдық шекара дауын да шешуі мүмкін. Өзбекстан президентінің бұл сапарын шекаралық аудандарда тұратын қырғыз және өзбек халқы ұзақ жылдар бойы күткен. Ислам Кәрімовтың тұсында өзбек-қырғыз шекарасынан өту өте қиын болған.

“The Qazaq Times”