Қырғызстанның прьемер-министрі Сооронбай Жээнбеков елде болатын Президент сайлауына қатысу үшін отставкаға кетеді. Бұл туралы ол үкімет отырысы кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұдан бұрын Қырғызстанның сайлау комиссиясының орталығы Жээнбековке кандидаттық төлқұжат берген және ол президент сайлауына қатысуға ресми тіркелген үшінші тұлға. Бұған дейін президенттікке кандидат ретінде бұрынғы премьер - "Ақ-Шумкар" партиясының партиясының көшбасшысы Темір Сариев және депутат, "Республика" парламенттік партиясының көшбасшысы Омурбек Бабанов тіркелген.
Елдің заңына сәйкес, президенттікке кандидат ретінде тіркелгеннен кейін министрлер кабинетінің басшысы уақытша қызметін тоқтатып немесе отставкаға кетуі тиіс.
"Сайлау комиссиясының орталығы менің кандидатурамды тіркеді. Сайлаудың әділ өтуі үшін мен бүгін қызметімді тапсырамын", - деді ол үкімет отырысында.
Ал сайлау өткенше уақытша Үкімет басшысы қызметінің міндетін бірінші вице-премьер Мухамметкалый Абулгазиев атқарады.
Айта кетейік, Қырғызстанда Президент сайлауы 2017 жылдың 15 қазанында болады.