Естеріңізде болса АҚШ-тың Ресейге бағыттаған жаңа санкция заң жобасынан кейін, Кремль тарабы бірден қарсы реакция көрсетіп, Ресейдегі АҚШ дипломатиялық және техникалық қызметкерлерінен 755 адамды қысқартатынын жария еткен еді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон осыдан екі күн бұрын Ресейдің әрекетіне қыркүйекке дейін бір жауабын беретінін айтып өтті. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.

Филиппин орталық қаласында болып өткен 50-ші рет өткізіліп отырған Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жүздескен болатын. Кездесу кезінде Ресей министрі Мәскеудің аталған қадамын қайталай еске түсіріп және ол туралы түсініп берді.

АҚШ өкілі Тиллерсон болса бұл шешімге 1 қыркүйекке дейін бір тойтарыс жауабын беретіндерін атап өтті. Екі ел жоғары лауазымдыларының кездесуінде дипломатия қызметкерлерін қысқарту шешімі туралы бір қатар сұрақтар ортаға салынып, екі тарап сұрақтарға өз жауаптарын қайтарысқан. Ресей мен АҚШ қарым қатынасы соңғы жарты ғасырдағы ең бір салқын тұсында, мұндай қадамдарды екі ел де аңдып басып, абайлап шешері анық. Мәскеудің бар талабы Ресейдегі АҚШ қызметкерлер санын, АҚШ-тағы ресейлік қызметкерлер санымен теңестіру болып отыр.

“The Qazaq Times”