Жаттығу және мезгілсіз өлімді зерттеу институтының зерттеу сараптамасына қарағанда, өмір сүруді барынша ұзарту үшін жүгіру ең тиімді жаттығу саналады екен. Жаңа зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жүгіру дағдысы жоқ адамға қарағанда, үнемі жүгіріп әрекет жасайтын адам кемінде үш жыл артық өмір сүреді екен. Зерттеушілер басқада әрекеттерді салыстыра зертей келе түрлі спорттық жаттығулар арасында жүгірудің адам өмірін ұзартуға, салауатты өмір ұстануға барынша тиімді екенін зерттеп анықтаған. Бұл туралы «The New York Times» басылымы жазған болатын.
Бұл зерттеу қортындысын үш жыл бұрын құрылған зерртеушілер тобы Даллас Купер институтының медициналық және дене фитнес сынақ мәліметтерін жіті қарап зерттеу арқылы қолға келтірген. Нәтижесінде, тіпті сіз әр күні бес минуи уақытты жүгіруге арнасаңыз да сіздің ұзақ өмір сүруіңізге әсер етеді деген қорытындыға келеді.
Зерттеушілер өздеріне келіп түскен сұрауларға жауап беруге тырысты. Басым көп адамдар өзге спорттық жаттығулар ұзақ салауатты өмір сүруде жүгірумен бірдей ықпал ете ме деген сауалдарды қойған. Ал, ұзаққа жүгіруші спортшылар немесе әуескерлер жаттығу барысында немесе өзі мақсат еткен нысанаға жүгіріп жеткеннен кейінде саналарында: осы менің құлшынысым шынымен менің ұзақ әрі салауатты өмір сүруіме пайдасы бар ма, әлде құр арам тер болып жүрмін бе деп ойлайтындарын да жасырмаған. Енді бір топ адамдар, жүгіріп тұру қаншалықты пайдалы? Мезгілсіз өлімнен сақтану үшін азапты жүгірістердің сірә қаншалықты пайдасы бар? Бір жыл артық өмір сүру үшін мұншалық азапты жаттығулар берген бодауды өтей ала ма деп те күмәнданатындарын жеткізді.
Зерттеушілер жекелеген адамдардан келген осы сұрақтарға жауап табу үшін құлшыныс жасады. Купер институтында жинақталған деректерді саралады. Сондай-ақ, басқа да соңғы ауқымды зерттеу нәтижелерін талдап қозғалыс мен өлім арасындағы корреляциялық байланысты табуға тырысты. Ақыры ғалымдар мынадай қорытынды жасады: қимыл-әрекеттің тез-ақырындығына, ұзақ-қысқалығына қарамастан, жүгіру мезгілсіз өлім қаупін 40 пайзға азайтады. Алайда, бұл көрсеткішке темекі шегу, алкоголь тұтыну және жоғары қан қысымы, семіздік қатарлы әдеттер мен ауру тарихы бар адамдар кірмейді.
Ғалымдар осы және өзгеде жүгіру әдеті жоқ адамдар бірден жүгіруді әдетке айналдырар болса, мерзімсіз өлім мөлшері 16 % мөлшерінде төмендейді, әрі өлімге себепші болатын ауыруларға жұғымдалу салыстырмасы 25 пайызға азаяды деп отыр. Купер институтындағы зерттеу нысаны болған адамдарға қойылған талап бойынша бір аптада екі сағат уақытты жүгіруге арнайды. Зреттеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай дағдыдағы адам 40 жас жасады десек, жүгіруге бөлген уақыты 6 айдан аспайды. Алайда, ол өмірі 3,2 жылға ұзарады. Таза құны 2,8 жыл деп көрсетеді. Осыған қарап ғалымдар 1 сағат жүгіру, ғұмырды 7 сағатқа ұзартады деп есептеген.