Бейсенбі күні түстен бұрын Иранның рухани көсемі Аятолла Хомейни Иран халқының берген дауысын қолдап, Хасан Руханиды Иран президенттік лауазымына қайта тағайындады. Бұл туралы сол елдің «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлап отыр.
Рухани көсемдері сайлауға ел халқының түгелге жуығы қатысқанын атап өтіп, республикалық жүйенің нығая түскенін көрсетеді деді. ИИР Президентіне өзінің бар күш-қуатын әділет орнату, қоғамның әлсіз топтарына қарайласу, ұлттық бірлік пен абырой-беделді нығайту, елдің ішкі мүмкіндіктері мен әлеуеттеріне көңіл аудару және Ислам революциясының құндылықтары мен негіздерін шынайы түрде сақтау жолында жұмсауға кеңес берді.
Иран Конституциясында президенттің ресми тағайындалуы рухани көсемнің қол қойып, бекітуімен және сенім хат беруімен жүзеге асады. Президенттік өкілетті кезең 4 жылдан тұрады. Бір адамның қатарынан екі кезең сайлануына мүмкіндік бар. Сонымен, 69 жастағы Хасан Рухани Иран Ислам Республикасының президентігіне ресми қайта тағайындалды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді