АҚШ Ресейге санкция салу арқылы сауда соғысын жариялады, деп жазды Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев өзінің Facebook парақшасында.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға байланысты құжатқа қол қойғаннан кейін, РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев өзінің Facebook парақшасында: «АҚШ президентінің Ресейге жаңадан санкция салуға байланысты құжатқа қол қоюы Ресейге бірнеше кедергілер туғызады. Біріншіден, Ақүй әкімшілігімен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға деген үміт үзілді. Екіншіден, Ресейге толыққанды сауда соғысы жарияланды. Үшіншіден, Трамп әкімшілігі осы уақыт аралығында барлық атқарушы билікті Конгреске бере салуы арқылы өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Бұл АҚШ-тағы саяси күштердің ауысуына алып келеді» - деп жазған.
Бұдан бөлек ол АҚШ-тың салған санкциялары қандайда бір таңғажайып дүние болып кетпесе, 10 жылға дейін созылатын болады деді.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Кремль АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкцияларына ешқандай жауап қатпайтынын мәлімдеген болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы