АҚШ Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуі мүмкін деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.

Шілденің 24 күні АҚШ мемлекеттік департаментінің арнайы өкілі Курт Уолкер журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Уашингтон алдағы уақытта Украина әскерилерін қару-жарақпен қамтамасыз етуі мүмкін. АҚШ Украинаға жіберетін әскери техникалар Ресейдің барлық жоспарын құртатын болады» - деп мәлімдеді.

Мемлекеттік департамент өкілінің бұл мәлімдемесіне Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмиртий Песков: «Егерде АҚШ Украинаға қару-жарақ жеткізетін болса, бұл жағдай Украинаның оңтүстік-шығысындағы шиеленісті одан әрі ушықтырып жіберуі мүмкін» - деді.

АҚШ бұған дейін Украинағы жерден басқарылатын Raven ұшақтарын, Humvee әскери автокөлігін, түрлі радиостанция құралдарын жеткізген болатын.

“The Qazaq Times”