Халықаралық Олимпиада комитеті 2024-2028 жылдары Олимпиада ойындарын қабылдайтын қалаларды анықтады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі бойынша 2024 және 2028 жылдары жазғы Олимпиада ойындарын Франция астанасы Париж бен АҚШ-тың Лос-Анджелес қалалары өткізетін болды. Бірақ әзірге қай қала, қай жылы өткізетіндігі белгісіз. Нақты жауап қыркүйек айының 13-і күні Халықаралық Олимпиада комитетінің 131 отырысында айтылатын болады.

Бұған дейін екі қала да Олимпиада ойындарын екі мәртеден қабылдаған. Париж 1900 және 1920 жылдары Олимпиада ойындарын өткізсе, Лос-Анджелес 1932 және 1984 жылдары әлем мықтыларын қабылдаған болатын.

2024-2028 жылдары Олимпиада ойындарын өткізуге Париж бен Лос-Анджелестен басқа Гамбург, Будапешт және Рим сынды қалаларда қатысқан.

“The Qazaq Times”