Хиллари Клинтон СNN арнасына берген сұхбатында былтырғы АҚШ-та өткен президент сайлауында өзінің жеңіліс табуына Ресей хакерлері мен ФБР басшысы Джеймс Комидің тікелей қатысы барын айтты.

Клинтон сейсенбі күні СNN арнасына берген сұхбатында «Иә мен өзімнің жеңілісімді толықтай мойындаймын бірақ, сайлау алдында екі дүние орын алмағанда қазір мен сіздердің президенттеріңіз болар едім.» деді.

Хллари Клинтонның айтуынша оның сайлауда жеңілінуінің бірінші себебі. Сайлау кезінде оның сайлау штабының басшысы Джон Подестің электронды почтасын Ресейлік хакерлер бұзып, ішіндегі бар дүниені елге таратып жібергендігі. Ал екінші себеп 28-ші қазанда ФБР басшысы Джеймс Коми АҚШ Конгрессінде Клинтон мемлекеттік хатшы бола тұра жеке сервер пайдаланады деп мәлімдеме жасағандығы. Клинтон егер президент сайлауы 27-ші қазанда өткенде мен сөзсіз жеңетін едім деп өз сөзін түйіндеген.

Бұдан бөлек Хиллари Клинтон АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың жасап жатқан жұмыстарын сынға алып, мен азаматтық белсенділікке қайтып оралдым мен Трамптың қарсыластары жағындамын деген.

Естеріңізге салайық АҚШ-тың барлау қызметі Ресей хакерлерін АҚШ Демократиялық партиясының серверін бұзды деп айыптаған болады. Ал ресми Кремль бұл іске олардың ешқандай қатысы жоқ екендігін айтқан еді.

“The Qazaq Times”